”Наурыз” мерекесі
17.03.17 күні №2 Ленинград орта мектебінде, 8-11 cынып арасында, ”Наурыз” мерекесі тойланды. Наурыз — шығыс елдерінің бүкіл халықтық
мейрамы, Ұлыстың ұлы күні.
Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Біздің мектеп оқушылары да, мектеп ұстаздары да,
Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Осыған куә болатын кешегі өткен мереке.
Наурыз біз үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, мектеп оқушылары бұл мерекені үлкен ниетпен қарсы алды. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. Мектеп оқушылары, дастарханы мол үстел жайды. Бір бірімен күлісіп, ойнасып, ықыластарын білдірді.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері екеніне тағыда көз жеткіздік. Осы мерекенін ең басты ерекшелігі, көне ұлттық ойындарымыз. Қол күрес, қыз қуу сынды ойындар ойналды.
Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек,
Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярлады. Бұл мереке барлығымызға ақ көңіл, жылы лебізін таратты. Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Мектеп тілшісі: Еренгайпова Мадина
Просмотров: 756
Комментарии