Меню KDT

Директор блогы

Директордың өмірбаяны

                Ережепова Сайран Қадылқанқызы 1966 жылы 21 тамызда Көкшетау облысы Арықбалық ауданы Наследников ауылында дүниеге келген. 1983 жылы мектеп бітіріп, Көкшетау педагогикалық институтына оқуға түседі. 1989 жылы тұрмыс құрып, өзінің ұстаздық қызметін Көкшетау облысы Ленинград ауданы №2 Ленинград орта мектебінде пионер ұйымының жетекшісі болып бастайды,1991 жылдан неміс тілі пәнінің мұғалімі болып жұмысын сол мектепте жалғастырады. 1997 жылы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып ауысады. 2002 жылы Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы №2 Ленинград орта мектеп КММ директоры қызметін атқарып келеді. Осы уақыт мерзімінде өзінің қажырлы еңбегінің арқасында мұғалімдер мен оқушылар арасында зор беделге ие болды. Сайран Қадылқанқызы аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің сыйақысымен, облыстық Білім басқармасының. Алғыс хаты  және ауыл әкімінің Мақтау қағазымен марапатталды.
                Сайран Қадылқанқызы – ұстаздықтан өсіп директор болған нағыз өз ісінің шебері, білікті де, білімді ұйымдастырушы, іскер басшы. Басшылық жұмысының нәтижесіне мектептің көптеген жетістіктерін жатқызуға болады. Атап айтсақ: 2012 жылы «Ең үздік әдістемелік көрме» номинациясында     I орын, 2013 жылы білім ұясы «Ең үздік мектеп-2013» атағына ие болса, 2014 жылы облыстық «Тиімді ауыл мектебі» сертификатымен, 2015 жылы мектеп «PISA-2015» халықаралық зерттеуін өткізіп, жақсы ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
                Сайран Қадылқанқызы аудан мектептері басшыларының бірі болып Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшылырының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсынан өтіп, бүкіл мектепке оңды өзгеріс енгізуді басқарудағы негізгі көшбасшы болып жүр. Басшылық қызметін қоғамдық жұмыспен де ұштастыра білді, 2002 жылдан «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі және мектепішілік партия ұйымының төрайымы.
                 Сайран Қадылқанқызы директордың 4 негізгі функционалдық міндеттерін үнемі естен шығармайды. Бірінші, білім алушылардың өмір қауіпсіздігін және денсаулығын қамтамасыз ету, екінші, мемлекеттік білім стандартын орындау, үшінші, қаржылық-шаруашылық ісінде тәртіпті сақтау, төртінші, кадр саясатын әділ жүргізе білу.
                 Сайран Қадылқанқызы директор қызметімен бірге ағылшын тілі пәнінен сабақ береді. Әрбір ұстаздың басты қызметін жүзеге асырудың негізгі құралы сабақ болып табылады. Сабақ скрипка аспабы секілді, онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Оның әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз және білікті директор болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен тығыз қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігін де біледі. Оқушылары зияткерлік байқауларға, халықаралық марафондар мен аудандық пән олимпиадаларға қатысып I жүлделі орындарға ие болып жүр.
                 Қорытындылай келе, білім берудің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан-жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болу керек. Сайран Қадылқанқызының бойында осы қасиеттер бар деп толық сеніммен айтуға болады.


Просмотров: 467

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!

Мектеп директоры Сапарова Гульнар Мамырбековна

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

Сауалнама

Мектепте сен үшін ең қызығы не?

Дауыс беру

Сайт статистикасы

  • Осы айда50
  • Осы аптада21
  • Кеше5
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Пайдалы сілтемелер